Brand Analytics деректерін пайдалану ережелері
Brand Analytics сайтының ашық бөлігінің материалдарын және/немесе деректерін немесе Brand Analytics жүйесінің көмегімен дайындалған деректерді БАҚ жарияланымдарында, блогтарда немесе кез келген басқа да жария материалдарда төменде көрсетілген нұсқалардың бірінде Brand Analytics туралы атап өту жағдайында ғана пайдалануға жол беріледі. Онлайн БАҚ және басқа онлайн көздер үшін міндетті түрде гиперсілтеме болуы керек:
https://brandanalytics.ru.
Brand Analytics жүйесінің көмегімен дербес дайындалған деректерді жариялау кезінде атап өту нұсқасы:
- Brand Analytics әлеуметтік медиа және БАҚ талдау жүйесінің көмегімен дайындалған
БАҚ-тағы және басқа дереккөздердегі материалдарда Brand Analytics жария зерттеулерін ата өту нұсқалары:
- Brand Analytics әлеуметтік медиа және БАҚ жүйесі ұсынды
- Brand Analytics әлеуметтік медиа және БАҚ талдау жүйесінің жария зерттеуінің деректері бойынша
- Brand Analytics әлеуметтік медиа және БАҚ талдау жүйесінің деректері бойынша
- Brand Analytics жария зерттеуінің деректері бойынша
Медиатренд деректерін жариялау кезінде атап өту нұсқасы:
- Brand Analytics әлеуметтік медиа және БАҚ талдау жүйесінің деректері бойынша
Ресми сайттан, блогтан, әлеуметтік желілердегі аккаунттардан Brand Analytics кейстерін, оқу материалдарын, мақалаларын пайдаланған жағдайда атап өту нұсқалары:
- Brand Analytics материалдары негізінде
Brand Analytics жүйесіне қатысты келесі тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді:
- әлеуметтік даму ...
- аналитикалық орталық ...
- зерттеу компаниясы ...
Атап өтудің кез келген басқа нұсқасы жазбаша келісуді қажет етеді.
Біздің БАҚ пен серіктестер үшін байланыс деректеріміз: pr@brandanalytics.ru